Компания туралы
«Түркістан БГҚ» ЖШС – энергетика саласындағы қажеттіліктер мен тенденцияларды жіті қадағалайтын қарқынды дамып келе жатқан ұйым.
Компания 2022 жылдың сәуір айында «Түркістан облысында жалпы қуаттылығы 1000 МВт-қа дейінгі маневрлі генерациялау режимі бар аралас циклді газ қондырғысы негізінде электр станциясының құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында құрылған және «Самұрық- «Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады .
Біздің Мақсатымыз
Біз Қазақстан үшін заманауи, тиімді және экологиялық жауапты энергетикалық шешімдерді жасауға ұмтыламыз.
Біздің Миссиямыз
Тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға және экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуге маңызды үлес қосуға шақырамыз.
Біздің Құндылықтарымыз
Біздің жұмысымызды басқаратын негізгі құндылықтар- ашықтық, жауапкершілік және инновация. Біз тұтынушыларымыз бен серіктестерімізге ең жақсы шешімдерді ұсына отырып, энергетика саласындағы көшбасшылардың қатарында болуға ұмтыламыз.