Түркістан облысында бу-газ қондырғысы (ПГУ) базасында салынып жатқан электр станциясының жобасы негізгі жабдықтың жаңа партиясын қабылдады. «БГҚ Түркістан» ЖШС құрылыс алаңына Чехияның Doosan Skoda Power компаниясынан екі бу турбинасы және оларға арналған Германияның Siemens Energy компаниясында өндірілген генераторлар жеткізілді.
Бұл соңғы уақытта жүзеге асырылған екінші ірі жеткізілім болып табылады. Қыркүйек айында нысанға газ турбинасы мен генераторы да жеткізілген болатын. Логистика күрделі бағыт бойынша жүзеге асырылды: Германияның Гамбург портынан Қытайдың Цаофэйдянь және Тяньцзинь порттарына дейін теңіз арқылы, одан әрі құрлықпен Сайрам ауданындағы құрылыс алаңына жеткізілді.
Барлық жеткізілімдер консорциумның жетекшісі Doosan Enerbility компаниясымен серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Бұл болашақ қуаты 1000 МВт-қа дейінгі электр станциясына арналған жоғары технологиялық жабдықтың уақытылы әрі сенімді жеткізілуін қамтамасыз етеді.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)