Түркістан облысында қуаттылығы 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы (БГҚ) негізіндегі электр станциясының құрылыс жобасының Негізгі алаңына төртінші және соңғы газ турбинасы генераторларымен бірге жеткізілді.
Жоғары технологиялық жабдықтар Германияның Гамбург портынан теңіз көлігімен жөнелтіліп, Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь порты арқылы ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. Бұдан әрі газ турбинасы мен оның құрамдас бөліктері автокөлікпен Сайрам ауданындағы Негізгі алаңға жеткізілді.
Электр станциясы екі блоктан тұрады. Әр блокта екі газ және бір бу турбинасы, сондай-ақ екі қалдық жылу қазандығы орнатылады.
Мұндай конфигурация шығатын газдың жылуын қосымша электр энергиясын өндіру үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жоғары пайдалы әсер коэффициентін және жалпы қуаттылықты 1000 МВт-қа дейін қамтамасыз етеді. Бу-газ технологиясы дәстүрлі жылу электр станцияларымен салыстырғанда экологиялық әрі үнемдірек болып табылады.
Бүгінде «БГҚ Түркістан» компаниясы еліміздегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірін жүзеге асырып, елдің оңтүстік өңірлеріндегі энергия тапшылығын азайтуға және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды миссияны атқаруда.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)