2025 жылғы 3 қыркүйекте «БГҚ Түркістан» ЖШС «TURAN» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) қатысушысы атанды.
Шартқа «TURAN» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасының м.а. Жасулан Нурланұлы Тулебеков пен «БГҚ Түркістан» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары (қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі) Қазыбек Сатубайұлы Абдрахманов қол қойды.
Шартқа қол қою қуаты 1000 МВт болатын бу-газ электр станциясын салу жобасын іске асырудағы маңызды кезең болып табылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр: инфрақұрылым дамуда, жабдықтар партиялармен жеткізіліп, монтаж басталғанға дейін алаңда сақталуда.
2018 жылы құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы бүгінде шамамен 4000 гектар аумақты қамтиды. Оның құрамына тарихи орталық, әкімшілік-іскерлік кластер, әуежай және өнеркәсіптік аймақтар кіреді. Қазіргі таңда мұнда құрылыс, логистика, өнеркәсіп, білім беру және мәдениет салаларында 120-дан астам жоба жүзеге асырылуда.
«БГҚ Түркістан» ЖШС-нің қатысуы жобаны тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: жабдық пен материалдарды жедел жеткізу, заманауи инфрақұрылым мен логистиканы пайдалану, салықтық және кедендік жеңілдіктер, шығындарды азайту және жобаның құнын оңтайландыру. Сонымен қатар, бұл жаңа инвестициялар тартуға, серіктестік байланыстарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады және жобаның мемлекеттік деңгейдегі маңызын айқындайды.
Шартқа қол қою компанияның бастамашылдығын және энергетика саласында стратегиялық мақсаттарды дәйекті түрде орындап келе жатқанын көрсетеді. Қуаты 1000 МВт болатын ПГУ құрылысының жүзеге асырылуы Қазақстанның энергетикалық жүйесін нығайтып, Түркістан облысының экономикасына серпін береді.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)