«Түркістан БГҚ» ЖШС қызметкерлері Астанада өткен «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының IV қайырымдылық марафонының қашықтықтарын сәтті еңсерді. Елордадағы Ботаникалық бақта өткен жүгіру жарысы тек спорттық іс-шара ғана емес, нағыз отбасылық мерекеге айналды: көптеген әріптестеріміз балаларымен бірге стартқа шығып, спорт пен салауатты өмір салтының маңызын жеке үлгісімен көрсетті.
Мыңдаған қатысушымен бірге қашықтыққа Нұрлан Жақыпов бастаған «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы да шықты. Қордың Басқарма төрағасы қатысушыларға белсенді ұстанымы және инклюзивті қоғам құруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Командамыз үшін Қор басшысымен мәреде кездесіп, кәсіпорын туымен естелік суретке түсу ерекше маңызды сәт болды.
Нұрлан Жақыпов: «Осы марафонның арқасында біз 200 миллион теңгеден астам қаражат жинадық. Бұл - өте жоғары нәтиже. Себебі біз теңгерімді әлемді, мүмкіндіктер әлемін қалыптастырып жатырмыз».
«Түркістан БГҚ» командасын 2,5 км-ден 10 км-ге дейінгі қашықтықтарда Ғазиз Мамбетов, Қымбат Тоғжігітова, Жанат Махметсұлтанов, Бауыржан Әбдиев, Қайыржан Пірімтай және Ақниет Баубекова таныстырды. Марафон нетворкинг алаңына да айналды: қызметкерлеріміз KEGOC және Қордың басқа да портфельдік компанияларындағы әріптестерімен кездесіп, өзара қолдау білдірді.
Команданың қатысу мәнін «Түркістан БГҚ» ЖШС Ақпараттық сүйемелдеу, техникалық құжаттама, цифрландыру және IT департаменті директорының міндетін атқарушы Бауыржан Әбдиев атап өтті: «Қайырымдылық бастамаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған және салауатты өмір салтын насихаттау аясында өткізілген Charity Samruk Marathon төртінші марафонына қатысып отырмыз».
Қайырымдылық марафоны барысында жиналған барлық қаражат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектептерде инклюзия кабинеттерін ашуға бағытталады. «Түркістан БГҚ» үшін марафонға отбасымен қатысу әлеуметтік жауапкершілікті, командалық бірлікті және өскелең ұрпаққа деген қамқорлықты біріктіретін корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігіне айналды.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)