Іс-шараның басты мақсаты – «БГҚ Түркістан» Тапсырыс беруші мен Бас мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС бастамасымен персонал мен арнайы қызметтердің төтенше жағдай туындаған жағдайда үйлесімді және тиімді іс-қимылдарын қалыптастыру, сондай-ақ қызметкерлер мен электр станциясының жоғары технологиялық жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
Шартты өрттің анықталуы барысында өрттің салдарын жоюға жауапты қызметкерлермен және бөлімшелермен жедел байланыс орнатылды. Өртке қарсы нұсқаудан өткен жұмысшылар алғашқы болып өрт сөндіргіштердің көмегімен шартты ошақты өшіруге кірісті. Оқиға орнына «Дарын Эксперт» ЖШС-нің Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру тобы жедел жетіп, жауынгерлік қанат жаюды, зардап шеккендерді құтқаруды және өртті толық сөндіруді орындады.
Өрттің тиімді түрде жойылуына Консорциум өкілдерінің Сайрам ауданының ТЖБ бөлімшесімен үйлесімді әрекеті себеп болды. Оқу-жаттығу барысында медициналық қызмет мамандары да өздерінің іс-қимылдарын жетілдірді. Жалпы іс-шараға шамамен 500 адам қатысты. Осындай өрт-тактикалық оқу-жаттығулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)