Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
+7 (7252) 92 17 50
+7 (7252) 92 17 50
E-mail
info@ccgt.kz
Адрес
Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
Компания
  • Компания туралы
  • Компанияның қызметі
  • Басшылық
  • Ұйымдық құрылым
  • Нормативтік-құқықтық база
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі
  • Комплаенс
Жобалар
Жаңалықтар
Бос жұмыс орындары
Сатып алу
Байланыс
kz
ru en
kz
Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
+7 (7252) 92 17 50
+7 (7252) 92 17 50
E-mail
info@ccgt.kz
Адрес
Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
kz
ru en
kz
ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
Компания
  • Компания туралы
  • Компанияның қызметі
  • Басшылық
  • Ұйымдық құрылым
  • Нормативтік-құқықтық база
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі
  • Комплаенс
Жобалар
Жаңалықтар
Бос жұмыс орындары
Сатып алу
Байланыс
    "/>
    ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
    Телефоны
    +7 (7252) 92 17 50
    Заказать звонок
    ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
    • Компания
      • Компания
      • Компания туралы
      • Компанияның қызметі
      • Басшылық
      • Ұйымдық құрылым
      • Нормативтік-құқықтық база
      • Тәуекелдерді басқару жүйесі
      • Комплаенс
    • Жобалар
    • Жаңалықтар
    • Бос жұмыс орындары
    • Сатып алу
    • Байланыс
    Подать заявку
    • kz
      • Язык
      • kz
      • ru
      • en
    • +7 (7252) 92 17 50
      • Телефоны
      • +7 (7252) 92 17 50
      • Заказать звонок
    • Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
    • info@ccgt.kz
    • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

    Мәулен Айманбетов Түркістан БГҚ құрылыс алаңында кеңес өткізді

    Мәулен Айманбетов Түркістан БГҚ құрылыс алаңында кеңес өткізді
    29.06.2026
    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Түркістан БГҚ» ЖШС құрылыс алаңына барып, жобаның барлық тараптарының қатысуымен кеңес өткізді. Қуаты 1000 МВт электр станциясының құрылыс барысы, негізгі кезеңдері мен ағымдағы міндеттері туралы «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов баяндады.
    Кеңес барысында Мәулен Айманбетов жобаның Қазақстан халқы үшін іске асырылып жатқанын атап өтіп, әрбір қатысушы нәтижеге жоғары жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін айтты.

    «Іске қосу жұмыстарына қатысты бүкіл процесс нақты жолға қойылып, нақты мерзімдері болуы және жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұл жоба халық үшін салынып жатыр. Егер мәселелер туындаса, оларды конструктивті түрде шешу қажет. Барлық тарап жобаның сәтті аяқталуына мүдделі болып, нәтижеге жауапкершілік танытуы керек», - деп атап өтті Мәулен Айманбетов.

    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшысы жұмыстардың қазіргі қарқынына, жекелеген учаскелер бойынша жұмыстарды орындау кестесінен артта қалуға, сондай-ақ құрылыс алаңында жұмысшылардың жеткіліксіз жұмылдырылуына алаңдаушылық білдірді. Жобаның директивті мерзімдерін бұзуға жол берілмейтіні бөлек атап өтілді.
    Кабель жұмыстарына ерекше назар аударылды. Бұл ең ауқымды әрі еңбек көп қажет ететін бағыттардың бірі: кабель трассалары станцияның энергетикалық тораптарын, басқару, қорғаныс және автоматика жүйелерін байланыстырады.

    Мәулен Айманбетов Бас мердігерге жыл соңына дейін күн сайынғы жұмыс жоспарын қабылдауды, бірінші және екінші кезек бойынша жұмыстарды қатар жүргізуді, сондай-ақ іске қосу-баптау жұмыстары мен басқа да аса маңызды бағыттар үшін мамандармен қамтамасыз етуді тапсырды.
    Мердігер жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес білікті жұмысшы персоналды 100% жұмылдыруды, сондай-ақ артта қалуды жою бойынша нақты тәуліктік кестені ұсынуды міндетіне алды.

    «Егер біз қазір шілде, тамыз және қыркүйек айлары бойынша басымдықтарды нақты белгілемесек, түпкі нәтижені көре алмаймыз. Бұл жоба Қазақстан халқы үшін маңызды, сондықтан әрбір қатысушыда жауапкершілік пен патриотизм сезімі болуы керек», - деді ол.
    Кеңес соңында Мәулен Айманбетов нысанның ауқымы мен құрылыс алаңындағы жұмыстардың жоғары қарқынын ескере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.

    Кеңес қорытындысы бойынша құрылысқа қатысушыларға үйлестіруді күшейту, тәуекелдерді есептеу және бекітілген кестелердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Айта кетейік, «Түркістан БГҚ» ЖШС «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сенімгерлік басқаруында.


    Назад к списку
    Компания туралы
    Жобалар
    Жаңалықтар
    Бос жұмыс орындары
    Сатып алу
    Байланыс
    kz
    ru en
    kz
    +7 (7252) 92 17 50
    +7 (7252) 92 17 50
    E-mail
    info@ccgt.kz
    Адрес
    Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
    info@ccgt.kz
    Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
    © 2026 ТОО «ПГУ Туркестан»
    Создание сайта ТОО Maxioma