«Түркістан БГҚ » ЖШС-ның бас директоры Асқар Құсайынов «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ басқармасының төрағасы Мәулен Айманбетовке Түркістан облысындағы қуаттылығы 1000 МВт құрамдас газ стансасы негізіндегі электр станциясының құрылыс кестесін таныстырды.
Отырыс барысында техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және ЕПК келісімшарттарын дайындау барысы туралы ақпарат тыңдалды.
Қуаты 1000 МВт-қа дейінгі құрамдастырылған циклді газ станциясының негізінде электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық жүйесінің сенімділігін арттырады және еліміздің оңтүстігіндегі энергетикалық қуаттылықтың жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік береді.
Бұл ауқымды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.
Энергетикалық нысан құрылысы кезінде 2 мыңға жуық адамды тарту жоспарлануда. Ал электр стансасы іске қосылғанда оны жөндеуге 300-ге жуық маман үздіксіз жұмылдырылатын болады.
Айта кету керек, 2022 жылғы 22 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес Түркістан облысында жалпы қуаттылығы 1000 МВт-қа дейінгі маневрлі генерациялау режимі бар СКГТ негізіндегі электр станциясының құрылысы басталды. «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ 100% сенімгерлік басқаруына берілді.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)