«Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов бу-газ қондырғысының (БГҚ) құрылыс алаңында көшпелі өндірістік кеңес өткізді. Халықаралық консорциуммен өткен кездесудің негізгі тақырыбы - Бас корпуста үшінші газ турбинасын монтаждауға дайындық болды. Бұл - жобаны іске асырудың стратегиялық маңызды кезеңі. Қазіргі уақытта турбинаға арналған тіректерді дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Құрылыс алаңын аралап көргеннен кейін, бас мердігер Doosan Enerbility және «Integra Construction KZ» ЖШС өкілдері, сондай-ақ қосалқы мердігер ұйымдар жұмыстың ағымдағы жай-күйі туралы есеп берді. Консорциум көшбасшысы Doosan Enerbility негізгі жабдықтарды жеткізудің қорытынды кезеңі (83%-ы жеткізілді) мен іске қосу-баптау жұмыстары жоспарының жаңартылғанын растады.
Кеңесте жұмыс кестесін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. «Түркістан БГҚ» басшысы Ұлан Бүркітов жобаның стратегиялық маңызын және белгіленген мерзімнен кешігуге жол берілмейтінін атап өтті.
«Туындаған кез келген мәселені жедел шешу және таймингті қатаң бақылау үшін құрылыс алаңындағы мұндай кездесулер апта сайынғы форматқа ауыстырылады», - деді «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы.
Жоба қатысушылары станцияны уақтылы пайдалануға беру үшін іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін әзірледі.![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)