«Түркістан БГҚ» (бу мен газ қондырғысы) алаңында отандық «Asia Trafo» зауытында (Шымкент қ.) шығарылған төрт күштік автотрансформатор жобалық позицияға орнатылды. Әр агрегаттың салмағы шамамен - 123 тоннаны, қуаты - 167 000 кВА құрайды. Ауыр салмақты жабдықтарды монтаждау үшін жүккөтергіштігі 600 тонна болатын бірегей кран пайдаланылды.
Бұл агрегаттарды орнату - «Екінші іске қосу кешенін» іске асырудың негізгі кезеңі. Жаңа автотрансформаторлардың арқасында станция өндірілетін электр энергиясын жүйеге беру және іске қосу кезінде өз мұқтаждары үшін қабылдау мақсатында 500 кВ және 220 кВ желілеріне қосыла алады.
«Түркістан БГҚ» жобасы үшін қазақстандық өндірушіні таңдау өнімнің жоғары сапасына және тиімді орналасуына байланысты: зауыттың құрылыс алаңына жақындығы логистикалық тәуекелдерді төмендетеді және жедел сервис кекепілдік береді. Жоба үшін барлығы әртүрлі типтегі 15 трансформаторға тапсырыс берілді. Бүгінгі таңда жабдықтардың іргетасы мен қорғаныс өрткеқарсы қалқалары толықтай дайын. Трансформатор зауытынан келесі жеткізілім сәуір айында күтіледі.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)