«Түркістан БГҚ» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов және Бақылау кеңесінің мүшесі Алексей Репин қуаты 1000 МВт болатын «Түркістан БГҚ» құрылыс алаңында болды.
«Түркістан БГҚ» ЖШС басшылығымен, Doosan Enerbility және «Integra Construction KZ» ЖШС өкілдерімен бірге олар нысандарды іске қосу-баптау жұмыстарына дайындау барысын тексерді. Әкімшілік-тұрмыстық кешенде болашақ диспетчерлік бөлменің дайындығы қаралды. Бас корпуста №1 энергоблоктың электрқалқан ғимаратындағы, газ турбиналық бөлімшедегі жабдықтар мен технологиялық жүйелерді монтаждау барысы тексерілді. Жедел басқару пунктінде кабель желілері төселіп, электротехникалық шкафтарды монтаждау жалғасуда.
Сондай-ақ ауа-конденсаторлық қондырғыдағы монтаж жұмыстары қаралды. №2 энергоблокта қалдық жылу қазандығының элементтерін, байпас құбырын және негізгі түтін мұржасын монтаждау мен түйістіру барысы тексерілді. Нысандарда кабель желілерін төсеу жұмыстары да жалғасуда.
Келесі кезеңге кідіріссіз өту үшін құрылыс дайындығын, жабдықтар мен инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстарын нақты үйлестіру маңызды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша командаға бірқатар тапсырмалар берілді:
— негізгі учаскелердегі жұмыс қарқынын арттыру;
— мердігер ұйымдар арасындағы үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету;
— жабдықтар мен жүйелердің дайындығына әсер ететін техникалық мәселелерді жедел шешу;
— іске қосу-баптау жұмыстарын уақытылы бастау үшін қажетті ресурстарды шоғырландыру.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)