«Түркістан БГҚ» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшелері, компания басшылығы мен негізгі қызметкерлері бас қосып, компанияның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын бірлесіп әзірлеуге арналған воркшоп өткізді.
Стратегиялық сессияға «Түркістан БГҚ» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов, «Түркістан БГҚ» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі Алексей Репин, сондай-ақ Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов бастаған компания Басқармасы мен серіктестіктің негізгі қызметкерлері қатысты.
Стратегиялық сессияны Skill Universe кәсіби құзыреттерді дамыту орталығының жетекшісі, жобаларды және өзгерістерді басқару бойынша сертификатталған маман Наталья Рашитова жүргізді.
Сессия теория мен тәжірибе ұштасқан интерактивті форматта өтті. Қатысушылар компанияның құрылыс кезеңінен электр энергиясын өндіру кезеңіне көшуіне байланысты нақты міндеттерді талдады. Воркшоп барысында «Түркістан БГҚ» ЖШС-нің пайдалану кезеңіне көшкеннен кейінгі миссиясын, болашаққа деген көзқарасын және даму стратегиясын айқындау мәселелері қарастырылды.
Айта кетейік, «Түркістан БГҚ»-дағы стратегиялық сессия «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлерін оқыту және дамыту жөніндегі корпоративтік орталығы Samruk Business Academy-мен серіктестікте өтті.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)