Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
+7 (7252) 92 17 50
+7 (7252) 92 17 50
E-mail
info@ccgt.kz
Адрес
Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
Компания
  • Компания туралы
  • Компанияның қызметі
  • Басшылық
  • Ұйымдық құрылым
  • Нормативтік-құқықтық база
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі
  • Комплаенс
Жобалар
Жаңалықтар
Бос жұмыс орындары
Сатып алу
Байланыс
kz
ru en
kz
Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
+7 (7252) 92 17 50
+7 (7252) 92 17 50
E-mail
info@ccgt.kz
Адрес
Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
kz
ru en
kz
ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
Компания
  • Компания туралы
  • Компанияның қызметі
  • Басшылық
  • Ұйымдық құрылым
  • Нормативтік-құқықтық база
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі
  • Комплаенс
Жобалар
Жаңалықтар
Бос жұмыс орындары
Сатып алу
Байланыс
    "/>
    ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
    Телефоны
    +7 (7252) 92 17 50
    Заказать звонок
    ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
    • Компания
      • Компания
      • Компания туралы
      • Компанияның қызметі
      • Басшылық
      • Ұйымдық құрылым
      • Нормативтік-құқықтық база
      • Тәуекелдерді басқару жүйесі
      • Комплаенс
    • Жобалар
    • Жаңалықтар
    • Бос жұмыс орындары
    • Сатып алу
    • Байланыс
    Подать заявку
    • kz
      • Язык
      • kz
      • ru
      • en
    • +7 (7252) 92 17 50
      • Телефоны
      • +7 (7252) 92 17 50
      • Заказать звонок
    • Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
    • info@ccgt.kz
    • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

    «Түркістан БГҚ» төтенше жағдайға дайындықты тексерді: 100-ден астам адам эвакуацияланды

    «Түркістан БГҚ» төтенше жағдайға дайындықты тексерді: 100-ден астам адам эвакуацияланды
    01.06.2026

    «Түркістан БГҚ» ЖШС құрылыс алаңында бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті. Салынып жатқан нысанның персоналы мен өңірдің шұғыл қызметтері әкімшілік-тұрмыстық корпустағы шартты өртті оқшаулау және биіктікте жұмыс жүргізу кезінде адамдарды құтқару бойынша іс-қимылдардың үйлесімділігін пысықтады.

    Сценарий бойынша қысқа тұйықталу салдарынан өрт шығып, қою түтін эвакуацияға кедергі келтірді. Құрылыс алаңының үш жұмысшысы шартты түрде қауіпті жағдайда қалды: біреуі есінен танды, екіншісі термиялық күйік алды, ал үшіншісі ғимараттың шатырында құлап, аяғынан жарақат алғандықтан өздігінен қозғала алмады.

    Персонал өнеркәсіптік қауіпсіздік регламентіне сәйкес әрекет етті: хабарлау жүйесін іске қосты, ғимаратты электр қуатынан ажыратты, ақпаратты басшылыққа және еңбекті қорғау қызметіне жеткізді, сондай-ақ құтқарушыларды шақырды. Өрт сөндіру есептері келгенге дейін әкімшілік-тұрмыстық корпус ғимаратынан іште болған 109 адамның 106-сы эвакуацияланды.

    Оқу-жаттығуларға Сайрам ауданының шұғыл қызметтері: «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру қызметі мен Қарамұрт ауылдық округінің жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ Қарасу ауылынан Төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары жұмылдырылды.

    Өрт сөндіру есептері түтін басқан үй-жайларда барлау жүргізіп, зардап шеккендерді тауып, эвакуациялады, содан кейін өрт ошағын жойды. Медициналық қызметкерлер алғашқы көмек көрсетіп, госпитализацияны имитациялады. Жалпы алаңда 5 бірлік өрт сөндіру техникасы, 2 жедел жәрдем көлігі және шатырдан эвакуациялау үшін 1 автогидрокөтергіш жұмыс істеді.

    «Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығуларды өткізу - адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды бөлігі. Өрт кезінде әр секунд маңызды. Осындай жаттығулар қызметкерлерге төтенше жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керегін, қауіпсіз эвакуациялануды және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануды тәжірибе жүзінде меңгеруге көмектеседі. Біздің басты мақсатымыз - әр адамның төтенше жағдайда сенімді әрі дұрыс әрекет етуге дайын болуы», - деп атап өтті «Түркістан БГҚ» ЖШС Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің директоры Ғазиз Мамбетов.

    Фотогалерея
    3 —
    1/3 —
    «Түркістан БГҚ» төтенше жағдайға дайындықты тексерді: 100-ден астам адам эвакуацияланды
    «Түркістан БГҚ» төтенше жағдайға дайындықты тексерді: 100-ден астам адам эвакуацияланды
    «Түркістан БГҚ» төтенше жағдайға дайындықты тексерді: 100-ден астам адам эвакуацияланды
    «Түркістан БГҚ» төтенше жағдайға дайындықты тексерді: 100-ден астам адам эвакуацияланды
    «Түркістан БГҚ» төтенше жағдайға дайындықты тексерді: 100-ден астам адам эвакуацияланды
    «Түркістан БГҚ» төтенше жағдайға дайындықты тексерді: 100-ден астам адам эвакуацияланды
    Назад к списку
    Компания туралы
    Жобалар
    Жаңалықтар
    Бос жұмыс орындары
    Сатып алу
    Байланыс
    kz
    ru en
    kz
    +7 (7252) 92 17 50
    +7 (7252) 92 17 50
    E-mail
    info@ccgt.kz
    Адрес
    Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
    info@ccgt.kz
    Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
    © 2026 ТОО «ПГУ Туркестан»
    Создание сайта ТОО Maxioma