«Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов Түркістан облысында салынып жатқан қуаты 1000 МВт бу-газ электр станциясының құрылыс алаңында Siemens Energy компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің басты тақырыбы газ турбиналары мен генераторлардың іске қосу-баптау жұмыстарына дайындығы болды.
Кеңеске Siemens Energy компаниясының жоба жетекшісі Сиамак Манипури, «Түркістан БГҚ» ЖШС инженерлік-техникалық мамандары, оның ішінде халықаралық сарапшы Ги Хонг Ю, сондай-ақ Doosan Enerbility және «Integra Construction KZ» ЖШС өкілдері қатысты.
Тараптар іске қосу-баптау жұмыстарының қазіргі барысы мен кестесін, инженерлерді сертификаттау, қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу және газтурбиналық жабдықтарды іске қосуға дайындау кезеңінде мамандардың жұмысын үйлестіру мәселелерін қарастырды.
Siemens Energy компаниясы «Түркістан БГҚ» жобасы үшін төрт газ турбинасын, генераторлар мен қосалқы электротехникалық жабдықтарды жеткізді. Компания мамандары құрылыс алаңында тұрақты техникалық сүйемелдеу жүргізіп, жабдықтарды монтаждау және станция жүйелеріне біріктіру кезінде техникалық талаптардың сақталуын бақылайды.
«Түркістан БГҚ» мен Siemens Energy арасындағы ынтымақтастық тек жабдық жеткізумен шектелмейді. 2026 жылғы қыркүйекте Германия Федеративтік Республикасында тараптар «Түркістан БГҚ» жанынан құру жоспарланған Құзыреттер орталығы базасында энергетика саласының мамандарын бірлесіп даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде уағдаласты.

![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)