«Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов болашақ электр станциясының құрылыс алаңына барды. Компанияның жаңа басшысы негізгі нысандардағы: бас ғимараттағы, газ дайындау пунктіндегі және технологиялық тораптарды монтаждау аймақтарындағы жұмыс қарқынын жеке өзі бағалады.
Бас мердігер - Doosan Enerbility және Integra Construction KZ консорциумының өкілдері қазіргі жағдай туралы баяндады:
* Құрылыс алаңына жабдықтардың 83%-ы жеткізілді, қалған бөлігі жолда немесе кедендік рәсімдеуден өтуде.
* Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 650-ге жуық маман жұмылдырылған.
* Бетондау және металл құрастырмаларын жинау жұмыстары жоспарлы режимде жүріп жатыр.
Аумақты аралап шыққан соң кеңейтілген өндірістік кеңес өтті. Тараптар құрылыс кезеңдерінің өзара үйлесімділігіне әсер ететін түйткілді мәселелерді талқылап, оларды шешу жоспарын бекітті. Сондай-ақ, вахталық қалашықтардағы жұмысшылардың тұрмыс жағдайы қаралды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жоба 2026 жылы аяқталуы тиіс. Бұл – бізден барлық ресурсты барынша жұмылдыруды талап ететін қатаң мерзім», - деп атап өтті «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов.
Қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы - Қазақстанның оңтүстігіндегі энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін стратегиялық маңызды жоба. Станцияны пайдалануға беру энергия жүйесіндегі сұраныс өзгерістеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді және өңірлік өнеркәсіптің дамуына қолдау көрсетеді.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)