2026 жылғы 12 мамырдан бастап «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып Әсет Сейілханұлы Исқақов тағайындалды.
Әсет Исқақов Қазақстан-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ ол Гуманитарлық-техникалық академияда «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын «Теңізшевройл» ЖШС-де бастап, қазынашылық, төлемдер және аудит бөлімшелерінде жұмыс істеді. Кейінгі жылдары KPMG Kazakhstan ЖШС-де аға аудитор қызметін атқарды.
2018 жылдан 2023 жылға дейін Әсет Исқақов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ішкі аудит қызметін басқарды. 2023 жылғы қазаннан 2026 жылғы мамырға дейін осы компанияда қаржы және әкімшілік-құқықтық мәселелер жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарды.
Жаңа қызметінде Әсет Исқақов экономика, қаржылық жоспарлау, бақылау және жобаны қаржылық сүйемелдеу мәселелеріне жетекшілік етеді.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)