Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының XI Спартакиадасы аяқталды. Спорттық дода Қазақстанның барлық өңірінен келген 1 500-ге жуық қызметкерді біріктірді. Қатысушылар спорттың 14 түрінен бақ сынап, командалық рух, төзімділік пен жоғары нәтижеге деген ұмтылыстарын көрсетті.
Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов бастаған «Түркістан БГҚ» ЖШС құрамасы компанияны Спартакиаданың спорт алаңдарында лайықты таныстырды.
Үш күн бойы компания өкілдері футзал, баскетбол, волейбол, шахмат, жүзу, садақ ату, армрестлинг және басқа да спорт түрлерінен сынға түсті. Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша «Түркістан БГҚ» ЖШС командасы 19 команданың арасында 10-орыниеленді.
Ерлер арасындағы шахмат жарысында Ырысбек Кадировтың үшінші орын алуы команданың маңызды жетістіктерінің бірі болды. Оның нәтижесі жалпы командалық көрсеткішке үлес қосып, ұжым үшін мақтанышқа айналды.
Спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Іс-шараға Қазақстанның Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин қатысты.
«Түркістан БГҚ» ЖШС командасы үшін Спартакиада тек спорттық жарыс қана емес, командалық өзара іс-қимылды нығайтуға, топтың басқа компанияларындағы әріптестермен кездесуге және алдағы жұмысқа жаңа серпін алуға мүмкіндік берді.
Команда жұмыс міндеттеріне бұрынғыдан да ұйымшыл әрі жігерлі күйде оралып, «Түркістан БГҚ» жобасын іске асыруға және еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосуды жалғастырады.
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.
Наши специалисты ответят на любой интересующий вопрос
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)