Бүгін еңбек сіңірген энергетикті құрметтеу шарасы Шымкент қаласындағы өз ұжымында жалғасын тапты. «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов Қайрат Бастарбекұлын оның Қазақстан экономикасының флагманы және тұрақты дамуының драйвері болып табылатын энергетика саласындағы көпжылдық еңбегінің жоғары бағалануымен жеке құттықтады.
«Әріптесіміздің еңбегі осындай жоғары мемлекеттік деңгейде атап өтілгені - біздің ұжым үшін үлкен мәртебе. Марапаттау рәсімінің Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланған 2025 жылға тұс келуі - қуантарлық жайт. Қайрат Бастарбекұлының көпжылдық тәжірибесі мен өз ісіне адалдығы жас мамандар үшін үлгі ғана емес, бүкіл командамыздың кәсіби біліктілігі жоғары екендігінің дәлелі», - деп атап өтті Ұлан Бүркітов өз құттықтауында.
Қайрат Тастанбеков қатардағы электр монтерінен цех бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. Оның еңбек биографиясы - Қазақстанның энергия жүйесіндегі 37 жылдық үздіксіз стаж. «KEGOC» АҚ-дағы көпжылдық қызметін қоса алғанда, ең күрделі учаскелерде жұмыс істей жүріп, ол өзін релелік қорғаныс және автоматика саласындағы жоғары деңгейлі сарапшы ретінде танытты.
«Түркістан БГҚ» ЖШС ұжымы Қайрат Бастарбекұлын лайықты марапатымен құттықтайды! Оған мықты денсаулық, сарқылмас энергия және өңірдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында жаңа кәсіби табыстар тілейміз!
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)