«Түркістан БГҚ» ЖШС басшылығы Қарабатан газтурбиналық электр станциясы алаңында (ЖШС «Karabatan Utility Solutions») жұмыс кездесуін өткізді. Сапардың негізгі мақсаты – ірі энергетикалық нысандарда жабдықты пайдалану, техникалық сүйемелдеу және заманауи жабдықтарды есепке алу жүйелерін енгізу бойынша практикалық тәжірибені зерттеу болды.
Делегация құрамына ЖШС «Түркістан БГҚ» Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов және Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әбдікерім Аршамов кірді. Алаңның таңдалуы кездейсоқ емес: қуаттылығы 300 МВт болатын Қарабатан газтурбиналық электр станциясы батыс өңірдің энергетикалық жүйесіндегі негізгі нысандардың бірі саналады.
Станция «Ұлттық индустриялық инновациялық даму технопаркі» арнайы экономикалық аймағының («ҰИИДТ» АЭА) резиденттерін электр энергиясымен қамтамасыз етіп, артық қуатты Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына жеткізеді. «Түркістан БГҚ» мамандары «Karabatan Utility Solutions» компаниясының әртүрлі әлемдік өндірушілердің жабдықтарын біріктіру тәжірибесіне ерекше назар аударды. Станцияда Siemens SGT-800 газ турбиналары, General Electric компаниясының қалдық жылу қазандықтары және бу турбиналық қондырғылар біріктірілген күрделі конфигурация іске асырылған. Бұл көпкомпонентті кешенді басқару EMERSON шешімдері негізіндегі бірыңғай басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тараптар сервистік модельдердің ерекшеліктерін де талқылады. KUS тәжірибесі көрсеткендей, Siemens секілді ірі өндірушілермен жұмыс істеу техникалық қызмет көрсету регламенттерін ұзақ мерзімді жоспарлауды талап етеді, себебі өндіруші негізгі сервистік операцияларды қатаң бақылауда ұстайды.Бұл - «Түркістан БГҚ» үшін өзінің сервистік стратегиясын қалыптастыруда маңызды фактор.
Аталған сапар тәжірибе алмасуға арналған кездесулер сериясының жалғасы болды. «Түркістан БГҚ» үшін «Karabatan Utility Solutions» компаниясының жабдықтарды құжаттық бақылау және балансқа қою тәжірибесі ерекше маңызға ие. Алынған тәжірибе «Түркістан БГҚ» компаниясының бизнес-процестеріне енгізілетін болады. Бұл мердігер ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейтуге және компанияның болашақ энергетикалық нысандарының операциялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)