Инспекциялық аралауға Құрылысты бақылау департаментінің директоры Қуат Жылқыбаев, «Түркістан БГҚ» инженерлері және мердігер ұйымдар - Doosan Enerbility мен Integra Construction KZ консорциумының өкілдері қатысты.
Модульдерді монтаждау станцияның негізгі жылу-механикалық жабдығын құрастыру жұмыстарын жалғастырады. Қалдық жылу қазандығы газ турбинасының пайдаланылған газдарының жылуын бу өндіру үшін пайдаланады, кейін бу бу турбинасына бағытталады. Жалпы «Түркістан БГҚ» жобасында төрт қалдық жылу қазандығы қарастырылған - әр газ турбинасына бір қазандықтан.
Бас корпуста кеңеске қатысушылар газ турбиналарын қалдық жылу қазандықтарымен түйістіру процесін, металл конструкцияларды монтаждау және технологиялық аймақтарды дайындау жұмыстарын бақылап шықты. №1 блокқа ерекше назар аударылды. Мұнда PCC (Power Control Center) басқару пункті жабдығының монтажы тексерілді. Қазір бұл жерде Siemens Energy контроллері базасындағы басқару шкафтары, генератордың релелік қорғаныс шкафтары және электр қондырғыларының қауіпсіз жұмысына қажетті жабдық орнатылуда. Делегация бірінші блоктың электрқалқан ғимаратының барлық үш деңгейін аралап шықты: мұнда едендерді құю, үй-жайларды сэндвич-панельдер мен технологиялық шкафтарды монтаждауға дайындау жұмыстары жалғасуда.
Жедел басқару пунктінде кабель трассаларын төсеу, электр панельдерін және автоматика жүйелерін монтаждау жалғасуда. Болашақта дәл осы жедел басқару пункті жабдық жұмысын бақылау және технологиялық процестерді басқару үшін станцияның «ми орталығына» айналады.
Сонымен қатар қатысушылар әкімшілік-тұрмыстық корпусты қарап шықты. Бұл нысанда құрылысшылар ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстарына кірісті. Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша мердігерлерге анықталған ескертулерді жедел жою, бұрын берілген тапсырмаларды орындау және негізгі учаскелердің құрылыстың келесі кезеңдеріне дайындығын қамтамасыз ету жөнінде хаттамалық тапсырмалар берілді.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)