Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров «Түркістан БГҚ» ЖШС-ның құрылыс алаңында болды. Бас мердігер жүргізіп жатқан электр стансасының құрылысына дайындық жұмыстарының басталуымен танысты.
«Түркістан БГҚ» ЖШС-ның басқарма төрағасы Асқар Құсайынов облыс басшылығына негізгі кезеңі 2024-2026 жылдар аралығын қамтитын жобаның бас жоспарымен таныстырды.
Бүгінде бұл жерде қазу жұмыстары жүргізіліп, электр станциясының негізгі нысандарына арналған аумақтар тазартылуда. Облыс басшылығы Түркістан облысында жаңа энергия көзін салу жөніндегі инвестициялық жобаны сәтті жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қуаттылығы 1000 МВт құрамдастырылған газ қондырғысы негізінде электр стансасының құрылысы» инвестициялық жобасы еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі электр қуатының тапшылығын азайтуға арналған.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)